
Жақындасу ләззатының сырғақты сыры
Интимдік гель — қазіргі таңда тіс щеткасына ұқсайды: бәрі де пайдаланады, бірақ бәрі бірдей айта бермейді. Негізі айтқан жөн. Себебі лубрикант физиология мәселесі ғана емес, сонымен қатар мәдениет, жақындық, таңдау жасау тақырыбы. Мұны бірінші болып білген біздің замандастарымыз емес. Мыңдаған жылдар бұрын адамдар төсектегі байланысты күшейтудің, оны жұмсартып, тереңдетудің жолдарын іздеп келді. Ол кезде ингредиенттер басқа, заман басқа, жағдайлар басқа болғанымен, адамдардың ішкі қалауы, тілектері дәл қазіргідей болатын.
Ежелгі дәуірден жеткен махаббат майы
Ежелгі әлем тәнге тәнті етті: жалаңаш адамның сұлулығы, спорт, би. Дене эстетикаcы көпшіліктің назарында болды, қоғам құштарлық пен құмарлықты ұят санаған жоқ. Ал зәйтүн майы тамаша лубрикант болып саналды. Ол барлық жерде қолданылды: спортта, дінде, жатын бөлмеде. Ол оңай сырғанайды, жеңіл хош иісі бар, тазалықтың символы, әмбебап әрі әдемі. Кейде оны хош иісті шөптермен немесе балмен араластырып, «спа көңіл — күйінің» алғашқы нұсқаларын жасаған. Майлау тәжірибесі осыдан бастау алады: гигиена үшін, эстетика үшін, жақсы жұпар тарату үшін және сезімдерге толы серпіліс үшін.
Мысыр: тәнге қол тигізу алхимиясы
Ежелгі мысырлықтар адамның тәнін көптеген салттармен байланыстырды. Олардың «рецептілерінде» табиғи ингредиенттер көптеп кездеседі: малдың майы, балауыз, бал және сүт. Ингредиенттер араластырылып, түрлі жөн-жоралғылар мен тән құпиялары қолданылады.
Азия: тән тілінің философиясы
Қытай мен Жапонияда табиғат күштерінің өзара әрекеттесу философиясы басымдыққа ие болды, дене және энергетика ілімдері дамыды. Жақын қарым-қатынас өзара әрекеттесу жоралғысы болуы мүмкін. Табиғи күш, екі тәннің бір-бірімен үйлесуі, тепе-теңдікте болуы жоғары бағаланады. Жақындасудан барынша рахат алу үшін күріш суы, өсімдіктер мен балдырлардан алынған сығындылар қолданылды. Бүгінгі таңда рremium-майлағыш қаптамаларында жазылғанның бәрі дао ілімінің медицина туралы трактаттарынан алынған.
Орта ғасырлардағы Еуропа: күнә, құпия және тұнбалар
Христиан діні таралған Еуропада тән, төсек құпиясы тақырыптарына тыйым салынды, бірақ денені дәріптеу жойылған жоқ. Сол дәуірдің «медицинасында» пациенттер бедеуліктен емделу үшін құрамында шөптері бар аю майы қосылған жақпамайларды немесе, керісінше, қажетсіз жүктіліктің алдын алуға арналған сығындыларды қолданды.
ХХ ғасыр: ғылым, хиппи, секс революциясы
ХХ ғасыр бірнеше серпілістен өтті. 20-шы жылдары вазелин майлағыштар пайда болады, бірақ кейінірек олардың латекспен үйлеспейтіні анықталды. 60-шы жылдардағы майлағыштарда глицерин мен спермицидтер бар. 90-шы жылдардағы жаңа тәсілдеме бойынша дайындалған гельдер сырғу әсерімен қатар, күтім әсерін береді. Бұдан былай алхимик жертөлесінен шыққан немесе абыздардың ғұрыптық майқоспалары жойылып, косметика индустриясы басталды.
XI ғ. 20-жылдарындағы жақындасу құралдары дәрменсіздіктен емес, таңдаудан туындаған туындылар болып саналады. Лубрикант ерлі-зайыптылардың көбірек ләззат алуға көмектеседі, құрамында күтім жасайтын, салқындататын немесе иісті компоненттер болуы мүмкін.
Табиғи құрамы бар, иіссіз, гиалурон қышқылы қосылған және бейтарап рН мәні теңестірілнен лубрикантты таңдап алуға болады.
Дерек көздері және сілтемелер
- Evers, Susan. "The history of personal lubricants: from natural oils to modern formulations.". Journal of Sexual Medicine, 2011; 8(2): 341–347. DOI: 10.1111/j.1743-6109.2010.02090.x
- Kinsey Institute Archives. Ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы секс мәдениеті жинағы. https://kinseyinstitute.org
- Taormino, Tristan. The Ultimate Guide to Sexual Health and Pleasure. Cleis Press, 2014. — 5-тарау: "Lubricants: Pleasure in a Bottle".
- Lehmiller, Justin J. Tell Me What You Want: The Science of Sexual Desire. Da Capo Press, 2018. — «Intimate Technologies: Lubes, Toys and Beyond» бөлімі
- FDA (U.S. Food and Drug Administration). Personal Lubricants: Regulatory Information and Product Guidance. https://www.fda.gov/medical-devices/personal-lubricants
- Zhou, Y., et al. “Biocompatible Lubricants with Hyaluronic Acid: A Review of Application in Gynecology.”. Frontiers in Bioengineering and Biotechnology, 2020. DOI: 10.3389/fbioe.2020.00411
- JSTOR Cultural Studies Collection. Қытай мен Жапониядағы секс мәдениеті туралы мақалалар, тән философиясы. https://www.jstor.org