Сырғымалылық нүктесі

Лубрикант жайлылық пен рахатты бір нүктеде тоғыстырады. Кейбір адамдар лубрикант тек «бірдеңе дұрыс болмаған жағдайда» қолдану үшін, тапшылықты өтеу үшін қажет деп ойлауға дағдыланған. Бірақ егер сіз қантсыз әбден бабына келген шарапты, жұмсақ матадан тігілген киімді, әзілді түсінетін өмірлік серікті таңдайтын болсаңыз, интимдік гельге де бей-жай қарамауыңыз керек.

Лубрикант ересектердің әлемінде жаңа жақындасу мәдениетінің жайлы, ымыралы, үйлесімді бір бөлігіне айналды.

Бақытымызға орай, біздің денемізде жан бар. Сондықтан оның көріністері де әртүрлі, бір адамның өзінде майлағыш мөлшері көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты өзгеріп тұрады: көңіл-күй, стресс, гормондар, қолданылатын дәрі-дәрмектер, әйел адамдарда - цикл күнінен бастап құбылады. Егер ерлі-зайыптылар бір-бірін үнсіз қалап тұрса, алайда араларында қарбалас тіршілік пен тұрмыс қамы мәселелері тұрған болса,бұл қиындықты күңгірт жарық, майшам, музыка, әдемі іш киім және лубрикант реттей алады. Тылсымға толы тұнық сәттер аяқ астынан пайда болмайды, мұқият дайындық керек.

Сезім тұңғиығынан алынатын тәжірибе төсектестің құмарлығынан емес, жақын, жанашыр, сүйікті адаммен бірге болу сезімінен туындайды. Прелюдия, массаж немесе эксперимент сияқты ерекше жағдайларда лубрикант көңіл күйге дұрыс бағыт бере алады. Лубрикант арадағы ыңғайсыздықты жойып, көбірек ләззат алуға мүмкіндік береді.

Лубрикантты қалай таңдауға болатыны туралы қысқаша гайд.

  • Сулы лубрикант классикалық сценарийлердің бәріне жарамды, аллергия тудырмайды, жабысқақ емес, кір мен денеде дақ қалдырмайды, латекспен үйлесімді, оңай жуылады. 
  • Егер жұп массаж және батыл эксперименттерді ұнатса, силиконды таңдағандары жөн. Жақсы жуылмаса да, массаж бен ойын үшін өте қолайлы. 
  • Бейтарап pH теріні тітіркендірмейді.
  • Жаңа әсер алғысы келетіндер үшін иістері мен дәмдері бар лубриканттарды ұсынамыз, олар тітіркендірмейді немесе аллергиялық реакциялар тудырмайды. Дәмсіз және иіссіз лубриканттар – дәстүрлі қатынасты қалайтындарға арналған. 
  • Барқыттай ылғалдандыруға және тері мен шырышты қабатты күтуге арналған гиалурон қышқылы қосылған лубриканттар. 

Жеңілдетілген формула: егер бұл бірінші тәжірибеңіз болса немесе алаңдаушылық бар болса, ойланбастан рН бейтарап сипаттағы лубрикантын таңдаңыз.

Лубрикант — бұл жұпты нағыз сезім бағына, жайлы және таныс ортаға жетелейтін, жақындасудың құпиясын сақтайтын шағын құты.

Дерек көздері

  1. NHS (UK National Health Service) — https://www.nhs.uk/conditions/contraception/using-lubricants/.
  2. Evers, Susan. “The role of lubricants in female sexual comfort.”. Journal of Sexual Medicine, 2011. DOI: 10.1111/j.1743-6109.2010.02090.x
  3. Lehmiller, Justin J. “Tell Me What You Want: The Science of Sexual Desire.”. Da Capo Press, 2018
  4. Planned Parenthood — Lube basics and how to choose: https://www.plannedparenthood.org/learn/sex-pleasure-and-sexual-dysfunction/lube