Лубриканттар мен олардың түрлері

Табиғаттың бұйрығымен біздің бойымызда — әйелдерде де, ерлерде де — жыныстық қозу кезінде табиғи майлар бөлінеді. Майлы заттар теріні және шырышты қабықты ылғалдандырады, сырғымалылықты жақсартады. Бұл жақындасқан жұптың өздерін жайлы сезінуіне, тән ләззатының ұмытылмас сезімдерін алуға, әйелдерде микрожарықтардың пайда болу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. 

Табиғи майлы заттардың мөлшері барлық адамдарда бірдей емес, тіпті бір адамның өзінде бөлініп шығатын майлы заттар мөлшері әр жағдайда әртүрлі болады. Бұл гормондарға, әйелдер циклына, қолданылатын дәрі-дәрмектерге, тіпті ауа-райына, жыл мезгіліне және көңіл-күйге байланысты болуы мүмкін.  

Лубрикант ерлі-зайыптылардың арасын жақсартуға немесе әйелдің ауырсынбауына көмектеседі. 

Барлық лубриканттарды құрамындағы негізгі зат пен мақсатына қарай бірнеше санатқа бөлуге болады. 

Негізгі затына қарай. Төсек қатынасына арналған майлағыштардың құрамдары мен компоненттері әртүрлі. Дәл осы негізгі ингредиенті бойынша барлық жасанды майлағыштар майлы, сулы, силиконды және гибридті болып бөлінеді.

Сулы майлағыштар ең жеңілдері, жабысқақ емес, киім мен адам үстінде із қалдырмайды.  Бұл құралдар мейлінше бейтарап сипатта және барлық жағдайларға дерлік жарамды. Негізіне қарай олар жақсы сіңеді немесе тез кебеді, сондықтан олар әдетте төсек қатынасының алдында қолданылады және кейде жақындасу барысында да қосылуы мүмкін.  Қалтаны да қақпайды, аллергиядан және презервативтерді бүлінуден қорғайды. 

Майлы түрлері. Мұндай классикаға жақын құралдар парафин, балауыз қосылған кезіндегі алғашқы лубриканттарға ұқсайды. Әлемдегі алғашқы осындай майлағыш вазелин болып саналады, содан кейін вазелин презерватив үшін зиянды болуы мүмкін деген ұйғарымнан соң арнайы өнімдер шығарыла бастады. Майлы лубриканттар нашар сіңеді, сондықтан жақындасу мезетін мұндай өнімді қолданбаған жөн. Мұндай майлағыштар көбінесе анальды секс үшін таңдалады. Құрамы майлы болуына байланысты мұндай өнімдер киім мен адамның үстінде дақ қалдырады және денеден кетіру қиынға соғады.

Силиконды майлағыштар. Бұл – парафиндер мен майлар қосылған өнімдердің қазіргі заманғы нұсқасы. Силикон майлағыштары баяу сіңеді, құрал аз шығындалады, жақындасу кезінде барқыттай тегістік пен жұмсақ сырғанау сезімін береді. Силикон қосылған лубриканттар массаж үшін тамаша құралдар болып саналады, өйткені олардың сырғамалылық әсері ұзаққа созылады. Бұл құралдар әдетте гипоаллергенді және оларды секстің басқа да түрлері үшін қолдануға болады. Негізгі кемшілігі –силикондағы майлар тез ериді, сондықтан шырышты қабат аздап тітіркенуі мүмкін. Жылы сумен және сабынмен немесе арнайы құралдармен жуылады.

Сонымен қатар лубриканттарды қандай қосымша әсерлер немесе сезімдер беретініне қарай бірнеше топқа бөлуге болады: 

  • Қыздыратын және салқындататын лубриканттар интимдік сезімдерді жан-жақты етіп, күшейтуге арналған, олар тікелей айтқанда жағылған жердегі қан айналымын жақсартады. Оның әсері сипалау немесе үрлеу кезінде күшейе түседі. 
  • Ерлерге арналған жыныстық қатынасты ұзартатын лубриканттар ләзатты сәттерді ұзарта алады.
  • Спермицидтері бар лубриканттар аса сенімді емес, бірақ ылғалдандырудан басқа, жоспарланбаған жүктіліктен де қорғай алады.
  • Хош иіс немесе дәм қосылған майлағыштар жұпарларды жақсы көретіндерге, жеңіл романтикалық ойынға құмарларға арналған. Әдетте олардан жеміс, жидек, тіпті кәмпит-карамель иісі мен дәмі шығып тұрады. Мұндай құралдар төсек қатынасын ойынға және жеңіл сайранға айналдыруы мүмкін. Бірақ хош иісті қосымша компоненттердің арқасында жұпар таратып қоймай, сонымен қатар егер ерлі-зайыптылардың біреуіне жақпай қалса, терінің сезімталдығы асқынып, аллергия тудыруы мүмкін. 
  • Анестетиктер қосылған лубриканттар ылғалдандырып, қосымша сырғымалылықты қамтамасыз етіп қоймай, ауырсынуды басады. Сезімталдықты төмендету немесе батыл эксперименттер үшін қолдануға болады.  

Дерек көздері:

  1. Anderson R. et al. “Vaginal dryness in midlife women: prevalence and impact.”. Menopause. 2016. https://doi.org/10.1097/GME.0000000000000660
  2. Levin, R. J. “Sexual arousal and lubrication in women: physiology and variability.”. Clinical Anatomy, 2003. https://doi.org/10.1002/ca.10151
  3. FDA (U.S. Food and Drug Administration). “Personal lubricants – types, compatibility, and safety.”. https://www.fda.gov/medical-devices/personal-lubricants
  4. Morris, N., et al. “Silicone-based lubricants: composition, advantages, and compatibility.”. J. Sex. Med., 2014. https://doi.org/10.1111/jsm.12411
  5. Planned Parenthood. “Sexual lubricants 101.”. https://www.plannedparenthood.org/learn/sex-pleasure-and-sexual-dysfunction/lube
  6. Robinson, R. “The Invention of Vaseline and the Rise of Petrochemical Lubricants.”. Smithsonian Magazine / JSTOR Daily, 2011. https://www.smithsonianmag.com (поиск: "vaseline history")